2 сәуірге қараған түні WTA 1000 Miami Open санатындағы турнирдің финалдық кездесуінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің 12-ракеткасы чехиялық Петра Квитовамен кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елена Рыбакина жақында Индиан-Уэллс қаласында өткен дәл осындай турнирдің финалында әлемнің екінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Саболенконы жеңген болатын. Бұл жеңіс қазақстандық спортшыға әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілуге ​​мүмкіндік берді.

Чехиялық теннисші Уимблдон турнирінде екі рет жеңіске жеткен (2011, 2014 ж.) және бүгін ол карьерасындағы 30-титулды жеңіп алуға тырысады.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен 01:00-де басталады. Трансляцияны Setanta Sport 1 телеарнасынан көруге болады.

Фото: gotennis.ru