Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипова OCTAGON 44 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз ММА-да 3-1 рекордын тіркеген муай-тайдан Еуропа чемпионымен кездеседі.

Айта кетейік, 20 мамырда Таразда бокс кеші өтеді, оның басты жекпе-жегінде Фируза Шарипова мен Рут Чисейл WBC Silver титулын сарапқа салады.