Беларусь құрамасының қақпашысы Александр Гутор павлодарлық «Ақсуға» ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Гутор Минсктегі «Динамо» СДЮШОР футбол мектебінің түлегі. Мансабын 2006 жылы БАТЭ сапында бастаған. Сондай-ақ қақпашы минскілік «Оренбург», «Тосно», «Черноморец», «Динамо-Брест» клубтарында доп тепті.

Үш рет Беларусь чемпионатының үздік қақпашысы атанған. Беларусь құрамасы сапында 21 матч өткізген.

«Ақсу» сапында ойыншы 89 нөмірмен өнер көрсетеді.