Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің 2-ші турындағы үздік голын анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турдың ең әдемі голының авторы атағына үміткерлердің бірі – Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Дания құрамасының қақпасына алыстан соққан голы болған еді.

Бұл номинацияда Асхаттың бәсекелестері – Букайо Сака (Англия), Андрей Бурка (Румыния) және Владислав Морозов (Беларусь) атанды.

УЕФА қауымдастағы Тағыбергеннің голын үздік деп таныды. Екінші орынды ағылшындық Букайо Сака алды.