«Қайрат» АФК және футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Біржан Оразов «Қайратпен» келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Осы жылы біз «Қайрат» АФК-мен келісімшартты үш жылға ұзарттық.

Осы футзал клубы мені қазіргі деңгейге жеткізді, сондықтан мен басқа ұсыныстарды ескермей, мансабымды «Қайратта» жалғастыруды жөн көрдім.

Енді үш жылдың ішінде Қайрат екеуміз Чемпиондар лигасын, ел біріншілігін және суперкубок, кубокты жеңіп алуға тырысамыз, Алла қаласа!

Алға, Қайрат», — деп жазды Оразов Instagram парақшасында.