«Ордабасының» қазақстандық футболшысы Акмал Бақтияров ақтаулық «Каспийге» ауысады, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Бақтияров – алматылық «Қайраттың» түлегі. 2019 жылдың қаңтарында Акмал Сочиге көшіп, екі жыл ішінде 11 кездесу өткізді. Бақтияров «Олимп-Долгопрудный», Арменияның «Ноа» клубы мен Талдықорғанның «Жетісу» клубтарында да өнер көрсетті.

Бақтияров өткен жазда Ордабасыға ауысқан. Ол шымкенттік клуб сапында 18 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас беріп, Қазақстан кубогының иегері атанды.