Кәсіпқой бокстан үш салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Фируза Шарипова ММА-ден келесі жекпе-жегіне дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек сәуір айына жоспарланған және бокстағы маңызды титулды жекпе-жекке дайындық ретінде Алматыда өтеді. Қарсыластың есімі әлі жарияланған жоқ. Дегенмен, тай боксынан Еуропа чемпионы болатыны белгілі.

Айта кетейік, 20 мамырда Таразда Феликс Тихонович Цойды еске алуға арналған бокс кеші өтеді, кештің басты кездесуінде қазақстандық спортшы WBC Silver титулы үшін Малави Рут Чисейлмен жұдырықтасады.