«Челсиде» бір жыл ойнаған бразилиялық қорғаушы мадридтік клубқа қайта оралды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Атлетико» 29-жастағы қорғаушыны «Челсиден» 16 миллион еуроға сатып алды. Айта кетер жайт, бір жыл бұрын лондондық команда Луисті «Атлетикодан» 22 миллионға сатып алған болатын.

Осылайша, Филипе Луис мадридтік клубпен төртжылдық келісімшартқа отырды.

Луис «Челси» сапында Англия чемпионы атанып, 24 матчта 1 гол соқты.