«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов ХИК-ке қарсы ойын алдында тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

- Болгариялық «Левскидің» бас бапкері болғанымда біз финляндиялық командадан ұтылған болатынбыз. Егерде «Марибормен» өткен қарымта матчтағыдай ойнайтын болсақ, келесі кезеңге өтетін жақсы мүмкіндігіміз бар. Ең бастысы өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыруымыз қажет.  

- Станимир, Қазақстанда сіздің командаңызды бәрі фаворит дейді...

- Олай айтпас едім. ХИК былтыр Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған, олардың тәжірибесі молырақ деп ойлаймын.

- Рохер Каньястің бірінші ойынға қатыспауы қаншалықты қиын болмақ командаға?

- Каньяс өте мықты ойыншы. «Мариборға» қарсы ойында өзінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондай-ақ, Ненад Эрич ертең негізгі құрамда алаңға шығуы әбден мүмкін.   

- Соңғы уақыттары Серікжан Мұжықов өзін мықты қырынан көрсетуде...

- Иә, ол қазір бабында. Ертең алаңға шығуы ықтимал.