Хайруллин Live Телеграм-арнасы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Старченконың астаналық «Барыс» сапына оралғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Форвард Роман Старченко келесі маусымда «Барыс» сапында өнер көрсетеді», - деп жазды дереккөз.

Айта кетейік, 36 жастағы қазақстандық шабуылшы осы маусымды «Спартак» сапында ойнап, ҚХЛ тұрақты маусымындағы 52 кездесуде 15 (7+8) ұпай жинаған.

Бұған дейін хоккейші «Барыста» 2008-2022 жылдар аралығында өнер көрсеткен.