«Сарагосаның» қорғаушысы Хесус Вальехо жақын арада мадридтік «Реалдың» ойыншысы атанады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Корольдік клуб» «Сарагосадан» футболшыны алты миллион еуроға сатып алмақ. Сондай-ақ, 18 жастағы қорғаушы келісім бойынша бір маусымға өз клубына жалға беріледі.

Өткен маусымда Хесус Вальехо 33 матч өткізіп, «Сарагосаға» Примераға шығуға көмектесті.