Сингапурда 3х3 баскетболдан алтыншы Азия кубогының іріктеу кезеңі аяқталды, оған Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамалары қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Дала қасқырлары» топтағы барлық қарсыласын жеңіп, іріктеу кезеңінен бірде-бір жеңіліссіз сәтті өтті.⠀

Қазақстан — Самоа 22:8Қазақстан — Таиланд 21:16Қазақстан — Жаңа Каледония 21:17

Өкінішке қарай, қыздарымыз топта 3-орын алып, іріктеуден өте алмады.

Қазақстан — Корея 9:15Қазақстан — Аустралия 2:21Қазақстан — Жаңа Каледония 18:9

Қазақстан ерлер құрамасы турнирдің топтық кезеңінде Қытай мен Үндістанға қарсы болады. Ойындар 1 сәуірде өтеді.⠀

Фото: twitter.com/astanabasket