WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (13-0, 8 КО) промоутері Боб Арум канадалық Стивен Батлерге (32-3-1, 26 КО) қарсы жекпе-жек туралы пікірін айтты, деп жазады Prosports.kz.

«Көрікті Стоктон қаласына әлем чемпионы атағы үшін екі жекпе-жек өткізетінімізге қуаныштымыз. Жәнібек — орта салмақтағы қарсыластары ең көп қашатын боксшы, бірақ Стивен Батлер бұл сынақты еш ойланбастан қабылдады», - деді Боб Арум.

Айта кетейік, жекпе-жек 13 мамырда «Стоктон-Аренада» (Калифорния, АҚШ) өтеді.