Top Rank промоутерлік компаниясы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегін ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жәнібек Әлімханұлы 13 мамырда Калифорния штатының Стоктон қаласында екінші рет чемпиондық атағын қорғайды. Оның қарсыласы 27 жастағы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) болмақ.

Бұған дейін WBO Әлімханұлы мен Лиам Смит арасында жекпе-жек белгілеген болатын, бірақ британиялық боксщы осы жазда кіші Крис Юбанкпен реванш өткізуді жоспарлап отыр.

фото: https://www.instagram.com/janibek_alimkhanuly/