Мәскеулік ЦСКА Гагарин кубогының 1/4 финалдық сериясының жетінші шешуші ойынында өз алаңында Ярославльдің «Локомотивін» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Армияшылар 5:0 есебімен ұтты. Қарсылас команданың қақпасына Антон Слепышев, Виталий Абрамов, Владислав Каменев, Андрей Светлаков және Михаил Григоренко гол соқты.

ЦСКА серияда «Локомотивті» 4:3 есебімен жеңіп, Гагарин кубогының жартылай финалына шықты, онда СКА командасымен ойнайды.

СКА - ЦСКА сериясының алғашқы ойыны 2 сәуірде өтеді.