19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасының Еуро-2023 іріктеу ойындарына қатысуға өтінімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.

19 жасқа дейінгі Қазақстанның әйелдер құрамасы Уэльсте өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады.

19 жасқа дейінгі Қазақстан әйелдер құрамасының құрамы:

Қақпашылар: Әсел Әнуарбек, Арина Орел.

Қорғаушылар: Қазына Норбаева, Жанеля Ержанова, Аида Ердәулетова, Әсел Жұмағали, Анель Блан, Александра Набокова, Кәмшат Жаңабаева.

Жартылай қорғаушылар: Аяжан Қожабекова, Анастасия Тян, Алина Хан, Анастасия Перейра, Сарбиназ Тұрсынқұл, Милана Ткач, Маргарита Талдыкина, Лунара Мыңжасар, Айкүнім Рысбекова, Томирис Темірбекова.

Шабуылшылар: Нұрсұлу Балжан, Яна Романова, Олеся Шаповалова, Ақтоты Әубекер, Полина Осипова;

Жаттықтырушылар құрамы: Орынбасар Дәуренбекова – аға жаттықтырушы Валентина Пенькова – жаттықтырушының көмекшісі Қазыбек Мәмиленов – қақпашылар жаттықтырушысы.

Еске салайық, Қазақстан WU-19 құрамасы Уэльс және Эстониямен бірге «В» лигасының екінші тобына енді. Барлық топтық кездесулер Уэльстің Денбигшир қаласында өтеді.