Қазақ боксшысы, WBO тұжырымы бойынша чемпион Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) өзінің келесі жекпе-жегін әлеуметтік желіде ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ассалаумағалейкум, ардақты ағайын! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Жақсы жаңалығыммен бөлісіп қояйын!Бұйырса 15-сәуірде кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегімді өткіземін. Қарсыласым - Жапония елінің боксшысы Кадзуто Такесато болады!» - деп жазды спортшы әлеуметтік желіде.

Еске салайық, Нұрсұлтановтың соңғы жекпе-жегі аргентиналық боксшы Марсело Эстебан Косереске қарсы өтіп, қазақстандық төрешілер шешімімен жеңіске жетті.