Әділбек Мусин жүзуден Қазақстан чемпионатында 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден ел рекордын жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz .

Спортшының өзі Instagram желісіндегі «сторизде» хабарлауынша жаңа жетістік – 52,17 секунд.

Бұған дейінгі рекорд (52,40 секунд) оған тиесілі болды. Әділбек Мусин оны 2021 жылы 25 маусымда Римде Sette Colli Trophy турнирі кезінде орнатты.