Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінің 2-ші турындағы үздік голға үміткерлерді таныстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турдың ең әдемі голының авторы атағына үміткерлердің бірі – Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Дания құрамасының қақпасына алыстан соққан голы.

Бұл номинацияда Асхаттың бәсекелестері – Букайо Сака (Англия), Андрей Бурка (Румыния) және Владислав Морозов (Беларусь).

Футбол жанкүйерлері УЕФА сайтында сәйкес гол эпизодының видеосының астындағы «ДАУЫС БЕРУ» түймесін басу арқылы үздік голға дауыс бере алады.