Футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңінің қорытындысы бойынша 1/4 финал жұптары анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ширек финалдық серия екі жеңіске дейін өтеді. Матчтар 2, 7 сәуірде, қажет болған жағдайда 8 сәуірде өтеді.

Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңінің 1/4 финалының жұптары (жақшада «тұрақты маусымның» қорытындысы бойынша командалардың алған орындары):

«Астана» (8) – «Қайрат» АФК (Алматы, 1)«Рахмет» (Ақтөбе, 5) - «Атырау» (4)«Каспий» (Ақтау, 7) - «Аят» (Рудный, 2)«Бәйтерек» (Орал, 6) – «Ақтөбе» (3)