Аралас жекпе-жектен Еуразиялық промоушен 22 наурызда Алматыда өткен OCTAGON 43 турнирінен кейінгі файтерлердің жаңартылған рейтингі туралы ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Айта кетейік, жеңіл салмақтағы Гран-при финалында қырғызстандық Илимбек Ақылбек ұлы (7-1) қазақстандық Айваз Айдиновты (5-2) ұтып, чемпиондық атақ пен 10 доллар жеңіп алған еді.

Eurasian Fighting Promotion турнирінің келесі жарысы 29 сәуірде Алматыда өтеді. Турнирдің негізгі кездесуінде Магомед Магомедов (11-0) Әділ Боранбаевпен (21-9-1) жекпе-жекте жартылай орта салмақта чемпиондық атағын қорғайды.

Сондай-ақ, жекпе-жек шоуы аясында қазақстандық танымал сериалдар мен фильмдер актері Еркебұлан Тоқтар (5-2) октогонға оралады. Қазақстандықтың қарсыласы ирандық Мохаммед Реза (4-3-1) болмақ.