Сингапурда өтіп жатқан су добынан Азия чемпионаты аяқталуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үшінші орын үшін өткен матчта Қазақстан ерлер құрамасы Таиландты 18:7 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық спортшы Мұрат Шәкенов кездесудің ойыншысы атанды.

Осылайша, ерлер құрамасы екінші рет қола медаль алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына жолдама алды.

Ал Қазақстан қыздар құрамасы осы чемпионатта алты кездесуде де жеңіске жетіп, құрлық біріншілігінің алтын жүлдесін жеңіп алды.