Дмитрий Попко Мехикода өтіп жатқан ATP Challenger Tour Mexico City Open турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Іріктеудің жартылай финалында қазақстандық теннисші австриялық Джеральд Мельцерді 4:6, 7:5, 6:1 есебімен жеңді.

Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.

Турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін Дмитрий Попко германиялық Доминик Кепфермен күш сынасады.

Фото ktf.kz