Неміс шахматшысы турнирдің нашар ұйымдастырылуына наразылық білдіріп, ары қарай жарысқа қатысудан бас тартты.

Бұл туралы неміс шахмат одағының (DSB) сайтына сілтеме жасап, Zakon.kz хабарлайды.

Нью-Делидегі турнир кезеңі сенбіде басталуы керек еді. Бірақ жарыстың ұйымдастыру деңгейіне көңілі толмаған Қазақстан шахматшысы Жансая Әбдімәлік оған қатысудан бас тартты. Осыған байланысты ол жексенбіге ауыстырылды. Үндістанға келіп жеткенде шахматшыларды әуежайдан ешкім қарсы алмаған, трансфер берілмеген. Олар өз бетімен қонақүйге таксимен баруға мәжбүр болған, алайда шахматшылардың бөлмесі де дайын болмай шыққан. Басшылық жарысты қалған 11 ойыншының қатысуымен өткізу туралы шешім қабылдады.

Ал Петцке келетін болсақ, оған 11 ойыншыдан тұратын турнир форматының өзі ұнамаған. Өйткені ондай жағдайда партияларды дәстүрлі тәртіпте ақ және қара фигуралармен өткізе алмайды. Оның жарысқа қатысудан бас тарту туралы шешімін DSB да қолдап, ұйымдастырушыларға өз наразылығын білдірді.

Жексенбі күні турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, онда қазір 12 шахматшының орнына 10-ы қатысып жатыр. Яғни, Жансая Әбдімәліктен кейін неміс шахматшысы Элизабет Петц жарысқа қатысудан бас тартты.