Атақты ивуарлық шабуылшы Дидье Дрогба «Монреаль Импакт» командасымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Канадалық клубтың ресми сайтына сүйенсек, 37-жастағы шабуылшы 1,5 жылдық келісімшартқа қол қойды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Дрогба «Ле-Ман», «Генгам», «Марсель», «Челси», «Шанхай Шеньхуа» мен «Галатасарай» командаларында өнер көрсеткен.