Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Словениядан жеңіліп қалды.

Аталған кездесуде қазақстандық футзалшылар қарсыласына 0:5 есебімен жол берді.

Оларға ұлттық құрама мен алматылық «Қайрат» командасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака жетекшілік жасады.