Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақтағы финалдық кездесуде Ибрагимова италиялық боксшы Ирма Тестамен жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Осылайша, Карина Ибрагимова бокстан 2023 жылғы әйелдер арасындағы әлем чемпионатын күміс жүлдемен аяқтады.

Бұл жүлде Каринаның карьерасындағы ең үздік нәтиже болды. Ол бұған дейін әлем чемпионатында екі рет (2018 және 2022 жылы) қола жүлдегер атанып, сондай-ақ былтыр Азия чемпионатында жеңіске жеткен болатын.