«Астана» футбол клубы Финляндияның чемпионы ХИК-пен кездесу үшін Хельсинкиге аттанды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Ертең, Қазақстан чемпионы Чемпиондар лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында ХИК-ке қарсы бірінші кездесуін өткізеді. Матч астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирде Kazsport арнасы көрсетеді.