25 наурызда Кишинев қаласының маңындағы Чореску қаласында футзалдан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінің 3-тур матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан құрамасы үшінші ойынын Словениядан келген құрдастарына қарсы өткізеді.

Қазақстан (U-19) – Словения (U-19) матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 19:00-де басталады.