25 наурызда Ақтөбе, Астана, Атырау, Орал және Ақтау қаласында футзалдан Қазақстан чемпионатының 35-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесулер бір уақытта – Астана уақытымен 17:00-де басталады.

Назарларыңызға аталған ойындардың тікелей трансляциясын ұсынамыз (Астана уақыты көрсетілген).

«Ақтөбе» – «Аят» (Рудный). Матчтың тікелей трансляциясы FC AKTOBE TV Youtube-арнасында қолжетімді болады.

«Астана» – «Қайрат» АФК (Алматы). Ойынды Astana Fytbol Ligasy Youtube-арнасынан көруге болады.

«Атырау» – «Ордабасы» (Шымкент). Матчты «Атырау» Youtube-арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

«Бәйтерек» (Орал) – «Жетісу» (Талдықорған). Тікелей трансляция «Бәйтерек» Youtube-арнасында қолжетімді болады.

«Каспий» (Ақтау) – «Рахмет» (Ақтөбе). Ойын «Каспий» Youtube-арнасында көрсетіледі.