«Барселонаның» шабуылшысы Неймар клубтасы Лионель Мессимен әлемнің үздік футболшысы атағына таласпайтынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Мессиден асып түсу ойымда жоқ. Өз жолыммен жүріп, бұрын жасаған нәрсемді жалғастыра бергім келеді. Титулдар жеңіп алып, өз мақсатыма жетуге тырысамын. Басқалардан үздік болғым келмейді. Менің мақсатым – өз-өзімнен асып түсу», - деді Неймар.