Шотландиялық «Абердинге» қарсы кездесуге «Қайраттың» екі негізгі ойыншысы қатыспайтын болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Сито Риера мен Жерар Гоу матч алдындағы жаттығуда жарақат алып қалды. Олардың жасыл алаңға оралу мерзімі әзірге белгісіз. 

Естеріңізге сала кетсек, осы бейсенбіде Еуропа лигасының 3-ші іріктеу кезеңі аясында алматылық ұжым өз алаңында «Абердинді» қабылдайды. Кездесу астана уақытымен сағат 20:45-те басталады.