2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысының екінші турындағы Қазақстан - Дания кездесуіне төрешілер белгіленді.

Матч 26 наурызда «Астана Арена» стадионында сағат 19:00-де өтеді. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Ойында сербиялық Новак Симович бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Никола Джорович пен Милош Симович көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де – сербиялық Лазар Лукич.