Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Сергей Малый Prosports.kz сайтына берген сұхбатында Словенияға қарсы матчты қорытындылады.

– Тырысып бақтық. Мүмкіндіктеріміз болды, бірақ бәрін толыққанды орындай алмадық. Гол жіберген соң, ойынға тез орала алмаған секілдіміз. Сол себепті екінші таймның басында қарсылас сенімдірек ойнай бастады. Дәл осы оларға көп көмектесті деп ойлаймын. Әрине, өкінішті жеңіліс, бірақ қайғыратын кез емес.

Ойын бойынша қорытынды жасап, келесі матчтарда жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз. Қолымыздан келгеннің бәрін жасап жатырмыз, бірақ бұл футбол. Бұған қоса айтарым, жасанды алаң бәрі үшін қиын. Кейінгі екі күнде командада екі адам жарақат алды. Бұл да өте маңызды нәрсе.