66 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Надежда Рябец Нью-Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жартылай финалдық жекпе-жекте Рябец қытайлық Ян Люден жеңіліп қалды.

Осылайша қазақстандық боксшы әлем чемпионатының финалына шыға алмай, турнирде қола медаль иеленді.

Надежда Рябец – Қазақстанның үш дүркін чемпионы және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының қола жүлдегері.