Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Майамидегі (АҚШ) турнирде алғашқы кездесуін өткізеді.

Оның алғашқы қарсыласы ресейлік Анна Калинская (WTA рейтингінде 64-орын) болады.

Бұған дейін Елена Рыбакина мен Анна Калинская бір рет ойнаған.2019 жылы Плейфордта (Австралия) өткен турнирдің финалында Анна Калинская Елена Рыбакинаны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.