Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында бүгін Қазақстан құрамасы Словенияны қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ел құрамасы құрлықтық додада H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Марино.

Қазақстан-Словения қездесуі бүгін, елордадағы «Астана - Арена» стадионында сағат 21.00-де басталады. Тікелей эфирде«Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.