Орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) келесі жекпе-жегіне дайындықтың жаңа кезеңін бастады, деп жазады Prosports.kz.

29 жастағы боксшының жеке жаттықтырушысы Джеймс «Бадди» Макгирт Жәнібектің қалай жаттығып жатқанын көрсетті.

Айта кетейік, Boxingscene.com порталы дереккөзіне сілтеме жасай отырып, Әлімханұлының келесі қарсыласы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) болатынын хабарлады. Жекпе-жек 13 мамырда өтеді деп жоспарланған.

Алайда Жәнібектің командасы келесі жекпе-жек туралы ресми ақпарат жоқ екенін, өздері де келісімшарт күтіп отырғанын жеткізді.