Футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Польша құрамасымен ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 3:2 есебімен аяқталды.

Жеңімпаздар қатарында голдарды Личнерики мен Дмочевич (дубль) соқты. Қазақстан сапынан Дамир Қайырбай мен Александр Дерябин көзге түсті.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Польша, Молдова және Словения құрамаларымен бірге 1-топқа түскен болатын. Топ көшбасшысы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.