«Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров «Ордабасымен» өткен ойын жайлы өз пікірін айтты (2:0), деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ойыншыларыма алғыс айтамын. Мен командаға келгенімде алтыншы орыннан 10 ұпайға қалып жатқанбыз. Соған қарамастан үздік алтылыққа ене алдық. Командам нағыз ерлік жасады. Бүгінгі ойын жайлы айтатын болсақ, бірінші минуттан соңына дейін ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Әділетті жеңіске қол жеткіздік деп ойлаймын», - деді болгариялық маман.