Алматыдағы OCTAGON 43 турнирінің екінші жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аса жеңіл салмақта қазақстандық екі файтер Бекасыл Бақытов (0-1)– Бейбітжан Қобыланов (2-0) кездесті.

Кездесудің басында Қобыланов қылқындыру әдісімен жеңді.

Еске салайық, ивенттің басты жекпе-жегінде аса жеңіл салмақтағы гран-при финалы болады, онда қазақстандық Айваз Айдинов (5-1) пен Қырғызстан өкілі Илимбек Акылбек уулу (6-1) чемпиондық титул мен 10 мың долларды сарапқа салады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG Sports спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы