«Оқжетпес» пен «Астана» (1:2) арасындағы матчтан кейін қос команданың бапкерлері өткен ойын жайлы пікірлерімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Астана» ФК бас бапкері Станимир Стойлов:

«Біз үшін үш ұпай иелену өте маңызды болды. Ойын тартысты өрбіді, өйткені қарсылас командаға жеңіс ауадай қажет еді. Қуанышымызға орай, екі гол соғып жеңіске жете алдық»

«Оқжетпес» ФК бас бапкері Владимир Муханов:

«Бірінші тайм маған ұнады. Екінші кезеңде көп қате жіберіп қойдық. Соның кесірінен жеңіліп қалдық. Жалпы жақсы ойнадық, есеп теңестіретін мүмкіндіктеріміз де болды»

 

«Оқжетпес» ФК ресми сайтынан*