Солтүстік Американың Team Liquid командасы ESL Pro League Season 17 турнирі аясында бразилиялық paiN Gaming ұжымынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 0:2 есебімен аяқталды. Турнирде Джонатан EliGE Яблоновскийдің командасы 13-16 орын алды. Liquid 20 000 доллар иеленді.

ESL Pro League Season 17 турнирі 22 ақпаннан 26 наурыз аралы,ында Мальтада өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 850 мың долларын құрайды.