Футболдан ел чемпионатының 22-ші турындағы «Тобыл»-«Қайрат» (1:3) кездесуінен кейін өткен баспасөз-мәслихатын назарларыңызға ұсынамыз, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Қайрат» ФК бас бапкері Владимир Вайсс:

- Әдемі ойын өрнегін көрсетіп, әділетті жеңіске қол жеткіздік. Бірінші айналымды бірінші орында аяқтағанымызға қуаныштымын. Енді «Абердинге» қарсы кездесуге дайындаламыз.  

- Қуантаев неліктен бүгін алаңға шықпады?

- Ермек шаршап қалды. Ермек, Лунин, Тимощук, Исаэль, Исламхан мен Гоу Алматыда қалды. Оларға демалыс бердік. «Тобыл» мықты команда, енді олармен кездеспейтініміз өкінішті-ақ. Келесі маусымда қостанайлық ұжым үздік алтылыққа енеді деген ойдамыз!   

 

«Тобыл» ФК бас бапкері Сергей Масленов:

- «Қайрат» бүгін бізден мықтырақ болғанын мойындауымыз қажет. Әділетті жеңіске жетті. Үздік алтылыққа ене алмағанымыз өте өкінішті. Әйтсе де чемпионат әлі аяқталған жоқ. Алдағы ойындарға дайындалымыз енді.

 

 

«Тобыл» ФК ресми сайтынан*