22 наурызда Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар жартылай финалға шығу үшін күш сынасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Сағат 14:30-да басталатын күндізгі сессияда Қазақстан намысын төрт спортшы қорғайды: Алуа Балқыбекова (48 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Мәдина Нұршаева (70 келі) және Фариза Шолтай (81 келі).

Елорда уақытымен 18:30-да басталатын кешкі сессияда тағы бес боксшымыз өнер көрсетеді: Жайна Шекербекова (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Надежда Рябец (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және Ләззат. Күнгейбаева (+81 келі).

Тікелей эфир Qazsport телеарнасында қолжетімді болады.

Күндізгі сессия:

1-жұп. А.Алуа Балкибекова - Эриван Барут (Түркия)5-ші жұп. Б. Карина Ибрагимова - Омайлин Алкала (Венесуэла)9-жұп. Б. Мадина Нұршаева - Барбара дос Сантос (Бразилия)12-ші жұп. Б. Фариза Солтай - Элизабет Адиамбо Андиего (Кения)

Кешкі сессия:

4-ші жұп. Б.Жайна Шекербекова - Марсела Ариас (Колумбия)5-ші жұп. А. Римма Волосенко - Вэнлу Ян (Қытай)8-ші жұп. Б.Надежда Рябец - Ивануса Гомес Морейра (Кабо-Верде)9-шы жұп. Б. Валентина Хальзова - Элиф Гунери (Түркия)12-ші жұп. А.Ляззат Күнгейбаева - Нупур (Үндістан)