«Астана» Армения құрамасының ойыншысы Вараздат Ароянның оралғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Армения ұлттық құрамасының қорғаушысы Вараздат Ароянның елордалық құрам қатарына қосылғанын хабарлаймыз.Вараздат бұған дейін де елімізді жеті дүркін чемпионы сапында өнер көрсеткен: 2021 жылғы маусымда 14 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Қорғаушы көк-сарылар құрамына еркін агент ретінде өтті, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.