21 наурызда бокстан Үндістан астанасы Нью-Делиде өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында 48, 50, 57, 60, 63 және 66 келіде 1/8 финал жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күндізгі сессия Астана уақытымен 14:30-да басталады, онда Қазақстанның үш боксшысы рингке шығады:

A рингі. 1-жұп. 48 кг дейін. Алуа Балқыбекова – Юлия Чумгалакова (Ресей)B рингі. 5-жұп. 57 кг дейін. Карина Ибрагимова – Махсати Хамзаева (Әзербайжан)B рингі. 9-жұп. 63 кг дейін. Аида Әбікеева – Ян Чинъю (Қытай)

Ал кешкі сессия Астана уақытымен 18:30-да басталады, онда Қазақстанның екі боксшысы өнер көрсетеді:

B рингі. 6-жұп. 60 кг дейін. Римма Волосенко – Наталья Садрина (Сербия)B рингі. 11-жұп. 66 кг дейін. Мария Моронта Эрнандес (Доминикана Республикасы) – Надежда Рябец

Бұл жекпе-жектерді Qazsport телеарнасы көрсетеді. Эфирді мына СІЛТЕМЕ арқылы көруге болады.