20 наурызда Алматыдағы «ADD Аrena-да» аралас жекпе-жектен Naiza 50 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кештің басты жекпе-жегінде AMC Fight Nights лигасының бұрынғы чемпионы әзербайжандық Нариман «Bayraktar» Аббасов (27-4) қырғызстандық Каныбек Жаныбек Уулумен (13-8) кездеседі.

Сондай-ақ орта салмақтағы титулдық жекпе-жекте NAIZA чемпионы Руслан Шамилов (10-4) астаналық жеңіліп көрмеген файтер Имран Тайсұлтановпен (6-0) күш сынасады.

Турнирдің тікелей трансляциясы елорда уақытымен 18:00-де басталады.

Фото: instagram.com/naiza.mma/