Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина карьерасында алғаш рет беларусьтік Арина Соболенконы жеңіп, Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA-1000 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші сетте теннисшілер тай-брейкке дейін барып, Рыбакина 13:11 есебімен жеңді. Ал екінші сетте Лена 6:4 есебімен басым түсіп, карьерасында алғаш рет WTA-1000 турнирінде топ жарды.