Түріктің «Бешикташы» жақын арада итальяндық «Фиорентинаның» шабуылшысы Марио Гомеспен күшеймек, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Итальяндық клуб Гомес үшін сегіз миллион еуро көлемінде қаражат алмақ. 30-жастағы шабуылшымен келісімшарт 2 жылға жасалмақ және жылына Марио үш жарым млн жалақы алады.

Биылғы маусымда, Гомес «Фиорентина» сапында барлығы 47 кездесуге қатысып, 14 гол соққан.